Алаяқтар банкте жұмыс істейтіндерін растайтын жалған құжаттарды ұсынып жүр
Киберпол қазақстандықтарды алдап, ақшасын қалталарына басқан алаяқтар фотосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Абайлаңыз, алаяқтар! Алаяқтар банк қызметкерлерінің жалған құжаттарын пайдаланады», - делінген хабарламада.
Алаяқтар адамның сеніміне кіру үшін банкте жұмыс істейтіндерін растайтын жалған құжаттарды ұсынады. Құжатта лауазымы, табель нөмірлері, тіпті, мөр бар, сондай-ақ жалған қызметкерлердің фотосуреттері жапсырылған.