Павлодар облысында 25 жастағы әйел ауыр термиялық күйіктен қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұм Ақсу ферроқорытпа зауытында машинист болып істеген

Фото: istockphoto.com

Ақсу ферроқорытпа зауытында ауыр термиялық күйік алған 25 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті @Pavlodarnews.kz мәліметінше, қаралы хабарды облыстық еңбек басқармасы растады.

«Алдын ала болжам бойынша қалдық болған ыдысқа су төгілгендіктен, металл шығарыла бастаған. Соның салдарынан 3 және 4 кран машинистері термиялық күйіктер алды. Бүгінде жазатайым оқиға тергеліп жатыр», – деді еңбек басқармасында.

24 мамыр күні сағат 20:07 минутта жедел жәрдем бригадасы Ақсу ферроқорытпа зауытынан зардап шеккен екі адамды қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізген. Медициналық көмек көрсетуден кейін 1985 жылы туған әйел оң қолының термиялық күйігімен амбулаториялық емдеуге жіберілді, ал екінші зардап шеккен 1999 жылы туған әйел ауыр термиялық күйікпен  реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған еді.