Ақсуда азаматтық некедегі күйеуіне  пышақ сұғып алған әйелге қатысты сот үкім шығарды

Azattyq Rýhy

Сот қысқартылған тәртіпте өтті

Ақсуда азаматтық некедегі күйеуіне  пышақ сұғып алған әйелге қатысты сот үкім шығарды
Фото: istockphoto.com

Сот Ақсу қаласының 41 жастағы тұрғынын ҚР ҚК-нің 106-бабының бірінші бөлігі, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, ер адамға азаматтық некедегі әйелінің іс-әрекеті ұнамай қалған. 9 наурызда кешке үйіне оралған Ақсу қаласының тұрғыны кешкі ас әзірлеп жатқан әйелінің шашынан ұстап, сүйреген. Әдепсіз сөздер айтып, дәлізге сүйреп шығып, басынан бірнеше рет ұрған.

Әйелдің қолында асхана пышағы болған. Ол тоқтауын өтінгенмен ер адам соққыны жалғастыра берген. Осы кезде әйел күйеуінің бүйір тұсына пышақ тыққан.

Сот қысқартылған тәртіпте өтті. Ер адам сотталушыға ешқандай талабы жоқ екенін айтып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.