Азық-түлік ауа кірмейтін, герметикалық қаптамаларда болуы тиіс
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Ораза ұстауға ниет етіп жүрген адамдарға кеңес берді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Туған-туыстарды шақырып та, үлкен топпен жиналмаған жөн. Намазды әркім тек өз үйінде оқуы тиіс. Ауыз ашар отбасы мүшелеріне ғана берілуі керек. Достарға, жақын адамдарға немесе мұқтаж жандарға азық-түлік жіберуге мүмкіндік немесе ниет болса, онда жеткізу қызметінің көмегіне жүгінген жөн немесе өзі апарып беруі керек. Азық-түлік ауа кірмейтін, герметикалық қаптамаларда болуы тиіс», - деді ол .