Көпшілік кейуанаға ұзақ өмір тіледі
80 жаста ат құлағында ойнаған кейуана желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
47,5 мыңнан астам лайк жинаған видеода сексеннің сеңгірінен асқан әже атқа мініп, шауып жүр.
«Қандай күшті! Аллам бізге де 80 жаста тың болып, атқа мінуді нәсіп етсін! Апамыз 100 жасасын!», «Міне, нағыз қазақтың апасы! Басымды идім, өмір жасыңыз ұзақ болсын!», «Апамыз атқа мінген соң құлпырып бір жасап қалды-ау», «Менің де әжем 92 жасына дейін атпен жүрген», - деп, желі қолданушылары пікірлері мен тілектерін жазды.