Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бағдат Мусин қызы Аружанның әлемдегі 10 университеттен шақырту алғанын жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның айтуынша, бұл 11 жылғы білімнің нәтижесі. Қызының креативті, өнерлі, талапты екенін жазған Мусин оның «білікті, өз жолын қуар, адал қызмет етер маман болуын» тілеген.
«Әлемнің түрлі 10 университетінен шақыру алғаның 11 жыл мектепте бекер жүрмегеніңе дәлел. Ал әке ретінде айтарым, ең бастысы қай университетті таңдасаң да, ортаңды дұрыс таңда және де елге оралуды көзде», - дейді Мусин.
Естеріңізге сала кетейік, министрлер кабинетіндегі ең жас шенеуніктің бірі болған Бағдат Мусин биыл 30 сәуір күні қызметінен кеткен еді.