Алматыда тағы 13 адамнан коронавирус анықталды
Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны тағы 22 адамға көбейді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz порталы. 22 сәуір сағат 12:50-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында тағы 13 адамның, Нұр-Сұлтанда 2 адамның және Алматы облысында 7 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта елімізде КВИ жұқтырғандар саны 1775 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 403
- Алматы қаласы – 693
- Шымкент қаласы – 103
- Ақмола облысы – 83
- Ақтөбе облысы – 27
- Алматы облысы – 62
- Атырау облысы – 82
- Шығыс Қазақстан облысы – 11
- Жамбыл облысы – 76
- Батыс Қазақстан облысы – 72
- Қарағанды облысы – 101
- Қостанай облысы – 34
- Қызылорда облысы – 151
- Маңғыстау облысы – 16
- Павлодар облысы – 37
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Түркістан облысы – 66.
Қазақстанда коронавирустан жазылғандардың жалпы саны 489-ға жетті, ал қауіпті індеттен көз жұмғандар саны – 19.