«Өз басым қолдаймын»: ІІМ орынбасары «Айка тізіміндегі» клиенттерді жазалауды қолдайды

Автор: Темірхан Айжан

Интим қызмет көрсеткен қыздар жауапкершілікке тартылады 

Фото: скриншот

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевқа «Айка тізіміндегі» клиенттер мен интим қызмет көрсеткен қыздар жазалана ма?» деген сұрақ қойылды. Оның айтуынша, эскортшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өте шектеулі, сондықтан әрбір жағдай жеке қаралады», - деді Марат Қожаев.

Сонымен бірге, ол интим қызметін сатып алған клиенттерді жазалау идеясын қолдайтынын жеткізді.