Астанада көшенің ортасында «қоян» деп шу шығарған ер адамды полиция ұстап әкетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол көліктерге қарай жүгіріп, жолда қауіпті жағдай тудырған

видеодан скриншот

Астана қаласының полиция департаменті түнде адамдардың тыныштығын бұзған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Әлеуметтік желідегі видеожазбадан байқағанымыз, көк жейде киген ер адам жолдың қақ ортасына шығып алып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам «қоян» деп айқайлаған. Оқиға Астана қаласының Жағалау ауданында орын алған көрінеді.

Полиция департаменті қоғамдық тәртіп бұзған адамды ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

«Осы факт бойынша тәртіп бұзған адам ұсталып, жаяу жүргіншінің ережесін юұзғаны үшін және түнде қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.