24 жастағы жас ана мерзімінен бұрын босанған
Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Отырар.кз сайтына сілтеме жасай отырып.
Үш ұлға ата-аналары Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед деп ат қойған.
«Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала тұрғыны мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған. Сәбилердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640 гр, үшіншісінің салмағы – 1610 грамм», - деп жазады сайт.
Бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері жас ананы үш ұлымен бірге үйлеріне шығарды.