Іске прокурорлар араласып, жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Ақтөбе прокуратурасы құны 156 млн теңгені құрайтын жер телімдері қала тұрғынына заңсыз берілгенін анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық прокуратураның ақпаратына сүйенсек, Ақтөбе әкімдігі қала тұрғынына бау-бақша ұжымынан ғимараттар мен құрылыстар салу үшін аумағы 0,1 га жер телімін берген. Алайда әкімдік берген учаске «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолының бойына ауыстырылған. Ал қаланың Бас жоспарына сәйкес, бұл учаске жасыл аймаққа кіреді және ол жерде қандай да бір құрылысқа тыйым салынған.
«Бұған қоса жер учаскесін көшіру кезінде 3,9 га кадастрлық құны 102 млн теңгені құрайтын қосымша жер учаскесі бөлінген. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заңсыз берілген аумағы 6 га, жалпы сомасы 156 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, деп атап өтті Ақтөбе облысының прокурорлары.