Ақтауда қоғамдық орында дәрет сындырған ер адам жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция 66 жастағы ер адамды анықтады

Фото: Ақтау қалалық Полиция басқармасы

Ақтауда көпқабаттың үйдің дәлізінде дәрет сындырған ер адамның ерсі қылығы камераға түсіп қалып, видео әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақтау қалалық Полиция басқармасына сілтеме жасап.

Полиция 66 жастағы ер адамды оның әрекеті үшін жауапкершілікке тартты.

«17 мамыр күні сағат 14:55 шамасында 5 шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде рұқсат етілмеген жерде дәрет сындырған. Полиция қызметкерлері азаматтың жеке басын анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды», - делінген хабарламада.