Жұмыстар ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Серік Шапкеновтың үйлестіруімен жүргізілуде
Атырау облысының Индербор ауылында қосымша қорғаныс бөгетін салу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
ТЖМ мәліметінше, бұған дейін жергілікті бақылау бекеті үйінді құрылыс учаскелерінің бірінде судың келуін тіркеген болатын.
Авариялық-құтқару жұмыстары ТЖ Министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Серік Шапкеновтың үйлестіруімен жүргізілуде. Жұмыстарға құтқарушылар топтары, ТЖМ әскери қызметшілері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.