Көлік салонында 20 адам болған
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жолаушылары бар автобус көпірдің қоршауын бұзып, өзенге құлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сол елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобустың ішінде жиырмашақты жолаушы болған. Оқиға орнында 70 құтқарушы, 18 техника адамдарды іздеп жатыр. Әзірге, бір адам көз жұмып, 5 адам аураханаға түскені белгілі.
Видеода көрініп тұрғандай, автобус жүргізушісі өзенге құламас бұрын, жолындағы екі көлікке соғып, жайпап өткен.