Құлсарыда 2723 тұрғын үйдің ауласы судан тазартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаланы судан құрғату жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр

Фото: ТЖМ

Құлсарыда қазіргі уақытта табиғи апаттан зардап шеккен аймақтан шығарылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метрді құрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақжайыққа сілтеме жасап.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2723 тұрғын үй ауласы және 257 кәсіпкерлік, 29 әлеуметтік нысан аумағы судан тазартылды.