Мереке күндері Қазақстанда күн қатты жылынады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады

Фото: © freepik.com

7-9 мамырға арналған ауа райы болжамына сүйенсек, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күн 28 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, еліміздегі ауа райына Өзбекстан республикасынан келетін ауа массалары әсер етеді.  

«Солтүстік пен шығыс өңірлердің жекелеген аудандарында түнде күн салқын болғанымен, 9 мамырға қарай ауа температурасы 20-28 градусқа дейін жылынады. Батыста құбылмалы ауа райы сақталып, алдымен жауын жауады, артынан бұршақ түседі», - деп хабарлады Қазгидромет.