03.05.2024, 09:39
Қоғам
Павлодарда 53 жастағы ер адам жоғалып кетті
Ол 30 сәуір күні үйінен шығып, содан қайта оралмаған
Фото: Instagram/poiskoviki_pavlodara_vita
Павлодарда 53 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«VITA» еріктілер ұйымының мәліметінше, 30 сәуір күні 1971 жылы туған қала тұрғыны Владимир Госсен Лермонтов көшесінің бойындағы тұрғын үйден шығып, қайта оралмаған.
«Ерекше белгілері: бойы 175 см, көзі көгілдір, шашы қоңыр, орта денелі. Сол қолында «сапер» деп жазылған татуировкасы бар. Үстінде қара күртеше, күңгірт-сұр джинс, қара кепка, қара кроссовка болған» , – дейді жақындары.
Владимир Николаевич туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: +7(747)615-55-63 Катерина, +7(777)334-82-01 Светлана немесе 102 қызметі.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады