Павлодар облысында аудандық прокуратура қызметкері өз пәтерінен өлі күйінде табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Алдын ала дерек бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған

Фото: polisia.kz

Павлодар облысында 29 жасар азамат пәтерінде өлі күйінде табылды. Аталған оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі пәтерінде өлі күйінде табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қайтыс болған азаматтың соңында екі баласы мен әйелі қалды.