​​«ERG» компаниясы Павлодарда қалалық саябақтың орнына тұрғын үй салмақ болған

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Бұл туралы аймақтық прокуратура хабарлап отыр

Фото: istockphoto.com

Павлодарда ірі кәсіпорын қалалық саябақтың жерін иемденбек болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, прокурорлар Павлодардағы қалалық саябақтың бір бөлігі 2 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз берілгенін анықтаған.

«Ауданы 1,2 га «Металлургтер» паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін «Eurasian Resources Group» компанияларының бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тікелей бөлінген. Бұған кінәлі лауазымды түлғалар қызметінен босатылды», - деп хабарлайды прокуратура.

Прокурорлар заңсыз рұқсат беру құжаттарының күшін жойып, жерді мемлекетке қайтарған.