Даргин, құмық, коми-пермяк: Қазақстанда тағы қандай ұлт өкілдері тұрады

Автор: Нұргүл Абай

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Фото: Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Шымкент

Халық саны 20 миллионан асатын Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілі тұрады. Ұлттық статистика бюросы мереке қарсаңында жаңа деректер таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Статистикаға сүйенсек, қазір елімізде мемлекет құраушы ұлт – қазақтар 14 миллионнан асқан. Одан кейін саны жағынан ең көбі – орыстар. Олардың саны 3 миллионға жуықтайды. Сонымен қатар 660 мың өзбек, 375 мың украин, 301 мың ұйғыр, 224 мың неміс, 219 мың татар тұрады.

Қазақтардың ең көбі, яғни 1,6 миллионнан астамы Түркістан облысында шоғырланған. Ал ең көп орыс –  429 мыңы Алматы қаласында тұрады. 387 мың өзбек Түркістан облысында тіркелген.

Сондай-ақ елімізде атауы көпшілікке таныс емес этнос өкілдерін де кездестіруге болады. Мәселен, даргин, құмық, мари, авар, қарашай, коми-пермяк, қарайым және тағы басқа.

Айта кетері, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекеттік мерекелер санатына кіреді. Сондықтан жыл сайын осы күні қазақстандықтар демалады. Биыл мейрам сәрсенбіге түсіп тұр.