$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңге жымқырған

Мектепте жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен сыйақылар аударылған

Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңге жымқырған
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Астанада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

«7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады», - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары