Павлодарда бюджетке 640 млн теңге салық төлемеген кәсіпорын анықталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Заңбұзушылықты облыс прокуратурасы анықтады

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысындағы Екібастұз 2-МАЭС-тің бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлмегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС-пен жоғарыда көрсетілген КТС сомасы бюджетке төленді», - делінген Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Бұған дейін Ақтөбеде салық қызметкерлерінің жазаланғаны туралы жазған болатынбыз.