Астанада Гана Республикасының бір топ азаматы ұсталып, елден депортацияланды

Автор: Аманалина Тоғжан

Олар көші-қон заңнамасын бұзған

Фото: Polisia.kz

Астана қаласының полицейлері елімізде заңсыз жүрген Гана Республикасының азаматтарын елден депортациялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Байқоңыр аудандық ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері олардың визада көрсетілген елде болу мерзімі немесе көші-қон карточкасында тіркелу мерзімі өткеннен кейін 3 тәулік ішінде елден шықпағанын анықтаған. Сол себепті Гана Республикасының 4 азаматын елден депортациялады", - делінген хабарламада. 

Қазір Астана қаласында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау мақсатында рейд жүргізіліп жатыр.