Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды
Қазақстанда енді баспананы жалға алатын мигранттар тексерілмек. Қаржылық мониторинг агенттігі террорлық шабуылдардың алдын алу үшін жылжымайтын мүлікті жалға беру операцияларын бақылауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мәскеуде болған лаңкестік шабуыл («Крокус Сити Холл» СОО) террористердің тұрғын үйді жалға беру қызметін қалай пайдаланғанының нақты мысалы болды. Сонымен, лаңкестер өздерін құрылысшымыз деп таныстырып, қылмыс жасау жоспарланған жерге жақын тұрғын үйді жалдады. Клиенттерді тексеру кезінде күдік байқалса (резидент емес, тіркеу мен тұрақты жұмыс орнының болмауы, қолма-қол ақшамен төлеу, бір топ адам және т.б.), олар туралы деректер ҚББ-ға жіберіліп отырады», – делінген құжатта.