Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Өскемен қаласында жоғалып кеткен қарияның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 сәуір күні Ертіс полиция бөліміне әйел адам хабарласып, күйеуінің ағасы жоғалып кеткенін айтады.
72 жастағы қария 20 сәуір күні сағат 10:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан оралмаған. кен.
«Жедел-іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер тартылды. Алайда зейнеткерді табу мүмкін болмады. Тек 3 күн өткеннен кейін Өскемен су электр стансасы ауданындағы Левобережная көшесінде қарт адамның денесі табылғаны жайлы хабар түсті. Бұл жоғалған зейнеткер болып шықты. Оның денесінен зорлық-зомбылық іздері байқалмады.», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.