Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады
Шымкент ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын өткізумен айналысып жүрген Алматы тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
20 жастағы ер адам өзімен бірге қытырлақ картоп (чипсы) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдаған. Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде ұнтақ салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамасы табылды.
Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады. Күдікті қамауға алынды.
Тергеу жүргізіліп жатыр.