Ақтөбеде «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шараға 70 жуық белсенді қала жастары, волонтерлар және орталық мамандары қатысып, 150 қапқа жуық қоқыс шығарылды

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қоршаған ортаны таза ұстап, аялау – барша адамзаттың азаматтық борышы. Осыған орай қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен 25 сәуір күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Taza qala» 4 айлық экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» шарасы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шараның мақсаты – қала жастарының бойына патриотизмді насихаттап, табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Туған жеріміздің тазалығына өз үлестерін қосу.

Шараға қатысушыларға орталық тарапынан санитарлық құрал – жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш) және қапшықтар, арнайы қолғаптар мен экологиялық акцияға арналған футболкалармен қамтамасыз етілді.

Жастар Кереев көшесінің бойын күл - қоқыстантазалап, ағаштардың түбін қопсытты.

Бейсенбілік іс-шараға 70 жуық белсенді қала жастары, волонтерлар және орталық мамандары қатысып, 150 қапқа жуық қоқыс шығарылды.