Енді білім беру ұйымдары ескертусіз тексеріледі

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл норма балалардың құқығы бұзылған жағдайда мектептерге тексеріске дайындалуға мүмкіндік бермейді

Фото: istockphoto.com

Енді білім беру ұйымдарын алдын ала ескертусіз тексеруге болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл сәуірде әйелдер мен балалардың құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңға қол қойылды.

«Заң шеңберінде жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі өзгерді. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады. Бұл норма балалардың құқығы бұзылған жағдайда тексеріске дайындалуға мүмкіндік бермейді», - деп жазылған хабарламада.

Балалардың құқығын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына тұрақты негізде тексеріс жүргізеді.