Түркістан облысында кәмелетке толмаған бала қыз зорлаған

Автор: Аманалина Тоғжан

Күдікті ұсталды

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында кәмелетке толмаған бала өзі қатарлы қызды зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды.

Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.