Алимент бойынша қарыз сомасы 6 миллион теңгеден асқан
Алматыда жеті жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген.
«Балаларына алимент бойынша қарыз сомасы бүгінгі күнге дейін 6 миллион теңгеден асты. Біздің бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстады және өз құзыретіне сәйкес, қарыз сомасын өндіру туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді», – дейді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.