Ақтауда мүгедек жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Автор: Аманалина Тоғжан

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото: istockphoto.com

Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады.

«Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның нәтижесімен 22.04.2024 жылы Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды», - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасынан.

Аталған факті бойынша полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.