Бұл туралы Президентінің кеңесші – баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы тұрғындарының Семей қаласы маңындағы өртенген орманды қалпына келтіру жөніндегі бастамасын қолдады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесші – баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады», - делінген жазбада.