Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді

Автор: Аманалина Тоғжан

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіліп отыр

Фото: zhaikpress.kz

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі 24 сәуір сағат 8:00-дегі жағдайды баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:      

  • Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 597 см., деңгейдің +10 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 374 см құрайды.
  • Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 715 см., тәулігіне + 5 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 398 см құрайды. 
  • Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 422 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі +4 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 231 см құрайды.

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіліп отыр.

«24 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3 / с құрайды», - делінген хабарламада.