Оралға Шымкент өңіріндегі оқу орындарынан гуманитарлық көмек жетті

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ көмек қолын созушылар жағалау бекіту жұмыстарына да көмектеспек

Оралға Шымкент өңіріндегі оқу орындарынан гуманитарлық көмек жетті
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Шымкент облысындағы бес ірі оқу орыны бірігіп, су тасқынына тап болған батысқазақстандықтарға гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бес жүк көлігіне тиелген көрпе-төсек, азық-түліктер мен сәбирге қажетті заттар, құрал-саймандар, құрылыс материалдары секілді 50 тонна гуманитарлық көмек М.Өтемісов атындағы БҚУ және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ спорт залдарына түсірілді. Осы жерден қажетіне қарай бөлініп, эвопункттерге жеткізілмек.

«Орталық Азия және Шымкент университеттері, сонымен қатар А.Тәшенов, Ө.Жәнібеков, Ә,Қуатбеков атындағы жоғары оқу орындары бірігіп, батыстағы ағайынға осындай көмек көрсетуді ұйғардық. Бұдан бөлек бүгін жағалау бекіту жұмыстарына қолұшымызды берсек дейміз. Жаз айларында, тасқын судың беті қайтқан соң салдарын жою жұмыстары мен құрылыс жүргізуге студенттерден құралған құрылыс жасақтарын әкелу де жоспарымызда бар», - деді Жұмабек Тәшенов атындағы университеттің проректоры Ғалымжан Битұрсын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.