Жаңа заң бойынша құзырлы органдар балаларды отбасынан тартып ала ма? Уәкіл жауап берді

Автор: Темірхан Айжан

Заң балаларды педофилдерден қорғайды

Фото: Артур Ластаевтың Facebook парақшасынан

Қазақстанда отбасы институтын, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған жаңа заң қабылданғалы, қоғамда әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев заңнын шын мәнінде отбасын қорғауға бағытталғанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген пікір - таза фейк. Сондықтан аталған мәселе бойынша кез келген  пайымдаулар негізсіз. Қазақстантек дәстүрлі ұлттық отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын сақтауда қолдау көрсетеді», - деді ол.

Ластаев заңның негізгі міндеттерін атады:

- жаңа заң балаларымызды педофилдерден қорғайды;

- 16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 40 күнге қамауға алынатын жаңа жаза енгізіледі;

- өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін 5 жылға соттау;

- тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу үшін 80 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулікке дейін қамау түрінде жаза енгізіледі;

- адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылады.

«Алайда, бұзақының жәбірленушімен бірге тұруына тыйым салу секілді ерекше талаптар қою мүмкіндігі, біздің ойымызша, ең маңызды жаңалық болып отыр. Аталған түзетулерді қабылдау іс жүзінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлігін, Әділ Қазақстан құру жолында Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының тиімді жұмысын көрсетеді», - деді адам құқықтары жөніндегі уәкіл.