Құқық қорғаушы Әлия Омарованың айтуынша, Салтанаттың ата-анасы ауырып қалған
Бүгін түстен кейінгі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына Салтанат Нүкенованың ағасы қатыспады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құқық қорғаушы Әлия Омарованың айтуынша, Салтанаттың ата-анасы ауырып қалған. Оларға жедел-жәрдем шақыруға тура келген.
«Айтбек Амангельді мен адвокат Жанна Оразбахова сонда жүр. Оразбахова үзіліс болған жағдайда қосылады», - деді адвокат.
Тараптар жәбірленуші мен оның өкілі болмаса да, сотты жалғастыруға келісім берді.