Тағы 18 адамның вирус жұқтырып, 34 науқастың жазылып шыққаны хабарланды
17 сәуір 18:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 18 адам анықталды: Алматы облысы - 8, Батыс Қазақстан облысы - 2, Нұр-Сұлтан қаласы - 8. Бұл туралы coronavirus2020.kz порталы хабарлады.
Дәл қазір Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 1498-ге жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 341
- Алматы қаласы – 461
- Шымкент қаласы – 46
- Ақмола облысы – 81
- Ақтөбе облысы – 18
- Алматы облысы – 37
- Атырау облысы – 72
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
- Жамбыл облысы – 53
- Батыс Қазақстан облысы – 32
- Қарағанды облысы – 87
- Қостанай облысы – 7
- Қызылорда облысы – 143
- Маңғыстау облысы – 12
- Павлодар облысы – 15
- Солтүстік Қазақстан облысы – 29
- Түркістан облысы – 56
Сондай-ақ коронавирус індетінен республика бойынша тағы 34 адамның жазылып шыққаны хабарланды. Нұр-Сұлтан қаласы - 4 адам, Алматы қаласы - 12 адам, Шымкент қаласы - 9 адам, Жамбыл облысы - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысы - 3 адам, Түркістан облысы - 1 адам, Алматы облысы - 1 адам, Қарағанды облысы - 1 адам.
Республика бойынша жалпы айыққандар саны – 340.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 167
- Алматы қаласы – 79
- Шымкент қаласы – 11
- Ақмола облысы – 9
- Ақтөбе облысы – 3
- Алматы облысы – 8
- Атырау облысы – 16
- Жамбыл облысы – 6
- Батыс Қазақстан облысы – 2
- Қарағанды облысы – 5
- Қызылорда облысы – 17
- Маңғыстау облысы – 1
- Павлодар облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы – 8
- Түркістан облысы – 7