Маңғыстау облысында балықшылар іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың теңіз жағасынан 25 шақырым қашықтыққа алыстағаны анықталды

Фото: egemen.kz

Маңғыстауда теңізге балық аулауға кеткен екі жігіт он күннен бері іздестіріліп жатыр. Түпқараған ауданында Каспийге шыққан балықшылар іс-түссіз кетіп, жағалауға қайта оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда құтқарушылар тікұшақпен, сүңгуірлер судан іздеп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, іздеуге ауыл тұрғындары, балықшылардың туыстары, достары да атсалысуда. Айта кетейік, 40 жас шамасындағы екі жігіт 2 сәуір күні кешке Форт Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай үрмелі қайықпен шыққан. Олардың теңіз жағасынан 25 шақырым қашықтыққа алыстағаны анықталды. Қолында балық аулауға арналған тор болған.

«Жеке құрамнан 44 адам, 6 техника, 7 жүзу құралы, бір ұшқышсыз ұшу аппараты, су астын сканерлейтін ЭХО аппараты, ҰҚК шекара қызметінен 21 әскери қызметкері, бір кеме,«Қазавиақұтқарудан» үш адам, бір «Ми-8» тік ұшағы жұмылдырылды. Іздестіріліп жатыр», - деді Маңғыстау облысы ТЖД Төтенше жағдайды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Пірімжан.