Астанада мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

Фото: unsplash.com

Астанада мемлекеттік қызметкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары кәсіпкер тарапынан растайтын құжаттар толық ұсынылғанына қарамастан, оған электронды шот-фактураларды жазып беруді шектегені анықталды.

Бұл мән-жайлар сотпен оның әрекеті заңсыз деп тану туралы әкімшілік істі қарау барысында да расталды.

Прокурордың қаулысымен мемлекеттік қызметкер ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.