"Тосын сый". Астана әкімдігі көше қазып, үш жерге 150 мың теңге жасырып қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: gov.kz

13 сәуір күні Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» эко-айлығы басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шара аясында Астананың кәріз желілеріне санитарлық тазалық жасалып, көше, тротуар, адамдар демалатын орындар мен аулалар тазаланады. Қала тұрғындарын ынталандыру үшін әкімдік демеушілердің есебінен қаржылай сыйлық дайындағаны белгілі болып отыр.


«Әрбір адам елордамызды әдемірек және таза ету үшін үлес қоса алады. Акцияны қолдауға келген қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше тосын сый әзірленді. Қаланың үш орнында «Орел мен решка» бағдарламасындағыдай, ақша жасырылды. Оларды сенбілік кезінде табуға болады. Ақша саябақ, қоғамдық кеңістік, гүлзар, желекжол сияқты орындардың біріне жасырылды. Ақшалай сыйлықтың мөлшері – 50 мың теңге, жалпы жүлде қоры – 150 мың теңге», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазір еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр.