Биыл Хайнань ЖІӨ өсімін 8 пайызға арттыруды көздеп отыр - билік

Автор: Аягөз Құрмаш

Аралда еркін сауда порты бар

Фото: Azattyq Ruhy

Хайнань билігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша өз өңірінің ЖІӨ-сін 8%-ға өседі деп күтіп отыр, сондай-ақ инвестициялар 10%-ға артады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы провинция Үкіметінің есебінде айтылған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Хайнань 59 елге визасыз режим енгізген. Курорттық провинция өзге елдермен визасыз режимді дербес орната береді. Мәселен, арал Қазақстанға визасыз режимді 2018 жылы енгізген. Аралда еркін сауда порты да жұмыс істейді. Өткен жылы аралда 21 мыңнан астам жаңа ұйым тіркелді. Ал шетелдік инвестициялар көлемі 3,2 млрд юаньді (19,8 млрд теңге) құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 104,9%-ға артық.

«Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі болжамды мақсаты: ЖІӨ-нің шамамен 8%-ға өсуі. Жергілікті мемлекеттік бюджет кірістерінің шамамен 7%-ға өсуі және негізгі капиталға инвестициялардың 10%-ға өсуі»,- делінген құжатта.

Сондай-ақ, аймақ билігі қала мен ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 8% және 8,5% өседі деп күтіп отыр.

Қытайдың Хайнань провинциясы Ресей мен ТМД елдерінің тұрғындары арасында танымалдылыққа ие. Хайнань Пхукет, Гавайи, Багам аралдары сынды тропикалық белдеуде орналасқан. Оны «Шығыс Гавайи» деп те атайды.