Қылмыстық топтың басшысы Әзербайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды

Автор: Темірхан Айжан

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды

Фото: Бас прокуратураның телеграм арнасы

Қазақстанда қылмыстық топты ұйымдастырып, оны басқарған ер адам Әзербайжанда ұсталды Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері күдіктіні елге экстрадациялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты басқарды. Ол мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірді», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.