Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады
Синоптиктердің болжауынша, алдағы екі күнде еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында түнде ауа температурасы 1-ден 13 градусқа дейін төмендеп, аяз болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Республика аумағыжауын-шашынды болады. 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жауады.
Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Батыс пен оңтүстік аймақта найзағай ойнап, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста қатты жел тұрады.