Бұл - 3 жылдағы көрсеткіш
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров Антикордың брифингінде алаяқтардың әрекеті жайлы жеткізді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Ресми өкіл алаяқтардың алдау схемалары жайлы айтты.
«Соңғы 3 жылда өңірлерде 700-ден астам қылмыстық іс тіркелді. Оның 100-ден астамы пара берумен ұштасып отыр. Ел бойынша алаяқтарға берілген қаражаттың жалпы сомасы 18,4 млрд теңгеден асады», - деді Бигайдаров.
Мысалы, наурыз айында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Д. Козлов пен А. Сембаевалаяқтық пен пара беруде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
«Бұл адамдар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшілері ретінде таныстырып, әртүрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметтерін ұсынған. Мәселен, Козлов 2021-2022 жылдар кезеңінде Медеу ауданының ПБ өндірісіндегі Алматы қаласы тұрғыныныңұлына қатысты қылмыстық іс бойынша залалды өтеу және жәбірленушілер санын азайту сылтауымен азаматтың 45 000 АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын алдау арқылы иемденген. Сондай-ақ, 2022 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында А. Сембаевпен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына пара беру үшін алдау және арандату арқылы БАӘ тауарларын кедендік тазартуға жәрдемдесу сылтауымен азаматтың 265 000 АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын алған», - дейді ол.
Бигайдаровтың айтуынша, Козлов пен Сембаевқа мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойы айыра отырып, 12 және 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.