Ол Ақтөбеде ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барды
Белгігі әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып,күшіміз бірлікте екенін айттым. Сонымен қатар, қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барып, волонтер жастармен кездесіп алғысымды білдірдім», - деп жазды ол.