Экокомпания Алматыда ағаш егуден басталды
7 сәуірде Алматы қаласы Түрксіб ауданының Aspan паркінде V TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бұл шара жас ұрпақ арасында экологиялық сананы арттыру арқылы туған өлкені таза ету және қоршаған ортаға пайда әкелуді мақсат етеді. Айта кетейік, эконауқанның ақпараттық серіктестері – “Alash Media Group” және “Nur Media” медиахолдингтері.
Айта кетерлігі, TURAQTY JOL эконауқанының маңызды кезеңдерінің бірі - республикалық экологиялық идеялар мен жобалардың фестивалі. Фестивалге экологиялық мәдениетті дамытуға және елдің тұрақты даму жолындағы қозғалыс векторын нығайтуға бағытталған нақты және тиімді экологиялық бастамалары бар, 16 мен 35 жас аралығындағы жас экологиялық белсенділер қатыса алады. Іріктелген және оқу дайындығынан өткен үздік 10 команда биыл мамыр айында Алматы қаласында конкурстық идеяларды іске асыруға бағытталатын жалпы 15 миллион теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін бәсекелеске жиналады.
"TURAQTY JOL - азаматтық секторды, мемлекеттік органдарды, бизнес қоғамдастықты және БАҚ-ты тұрақты дамуға қол жеткізу жолында біріктіретін бірегей бастама, ал ЦентрКредит Банкі мен Шеврон компаниясының қатысуы жастардың экобастамаларын қолдау үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды", - деп атап өтті Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының вице-президенті Серкан Аязбаев.
Жоба Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясының және Алматыдағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің қолдауымен өтіп жатыр.