Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді
Алматыда 1 шілдеге дейін мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Адам көп шоғырланатын бұқаралық шараларды 1 шілдеге дейін өткізуге болмайды. Халықаралық тәжірибелерді ескеріп отырмыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, Алматыда 20 сәуірден бастап әлеуметтік-экономикалық саланы кезең-кезеңімен жандандыру қолға алынады.