Ол өңірдегі су басқан аймақтарды аралады
Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен кездесті. Онда 8 үй су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі