Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты қаптарға құм толтырылып, қорғаныс бөгеттері төселді
Қазіргі таңда Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үйлер саны - 2680. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ТЖМ күштерімен Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты 5110 дана қаптарға құм толтырылып, қорғаныс бөгеттерін бекіту жүргізілді.
Құтқару бөлімшесіне 43 қоңырау түсіп, 20 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала. 77 үй жануарлары және 4 үй құстары көшірілді.