Алматыда бюджет қаржысын жымқырған мектеп директорының орынбасары мен бас есепші сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңбұзушылық мектептердің бірін тексеру барысында анықталған

Фото: istockphoto.com

Алматыда мемлекеттік бюджеттен 11 миллион теңге жымқырған мектеп директорының орынбасары мен бас есепші жауапқа тартылды. Мұны Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана арнасының хабарлауынша, заңбұзушылық мектептердің бірін тексеру барысында анықталған. Қазынаға қол сұғушылар артық қаражатты негізсіз жалақы есептеу арқылы өздеріне алып отырған көрінеді. 

«Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді», - деді Алматы қалалық прокуратурасының ресми өкілі Жиделбай Нұрсұлтан.